Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
өздерің азғырылып қалмаңдар! Солардың жалған тәңірлеріне ынтығып, «Осы халықтар өз тәңірлеріне қалай ғана құлшылық етті екен? Біз де солай істейікші!» деп олардың торына түсіп қалып жүрмеңдер! Бірақ Иерусалимнің халқы жасаған зұлымдықтарымен Менің шешімдерім мен заңдарыма айналасындағы елдер мен халықтардан да бетер қарсы шықты. Олар Менің шешімдерімнен бас тартып, заңдарымды да орындаған жоқ. Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, тағы мынаны да айтамын: Сендер айналаларыңдағы халықтардан бетер бас көтергіш болып кеттіңдер! Заңдарымды орындамадыңдар, шешімдерімді де іске асырмадыңдар, тіпті айналаларыңда тұрып жатқан басқа халықтардың заңдары бойынша істемедіңдер!
Выбор основного перевода