Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Мына жамағаттың арасынан кетіңдер! Мен оларды қас қағым сәтте-ақ жойып жіберемін», — деп ескертті. Сонда Мұса мен Һарон етпеттерінен жерге жығыла кетті. Олар соларды қырып жатқанда, жалғыз қалған мен жерге етпетімнен жата кетіп:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Бүкіл Иерусалимге қаһарыңды төгіп, Исраилден қалғандарды ең соңғы адамына дейін құртпақсың ба? — деп дауыстап сиындым. Мұнан кейін Рух мені көтеріп алды да, Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасына алып келді. Қақпаның кіреберісінде жиырма бес ер адам бар екен. Солардың арасынан халықтың басшылары Азур ұлы Язаниях пен Бенаях ұлы Пелатияхты көрдім. Анани осы сөздерді естісімен құлап түсіп, жан тапсырды. Мұны естігендердің бәрін қатты үрей биледі.
Выбор основного перевода