Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Рух мені көтеріп алды. Сонда мен арт жағымнан: «Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты Өзінің тұрағында мадақталсын!» деген күркіреген зор дауысты естідім. Сонымен Рух мені көтерді де, алып кетті. Мен қайғырып, іштей қатты наразыландым. Бірақ Жаратқан Иенің үстімдегі рухани құдіреті өте күшті болды. Құдайдың хабаршысы қолын созғандай болып, мені шашымнан ұстап алды. Рух мені жер мен аспанның аралығына көтеріп алып, Құдай маған көрсеткен көріністерде Иерусалимге апарды. Сонда Рух мені Құдайдың қаһарын туғызған жалған тәңірдің мүсіні тұрған ішкі ауланың солтүстік қақпасының кіреберісіне алып барды. Мұнан кейін Ол мені Өзіне бағышталған киелі үйдің ішкі ауласына алып барды. Қарасам, үйге кіретін жерде, бағаналы кіреберіс пен құрбандық үстелінің арасында, жиырма бес ер адамды көрдім. Олар арқаларын Жаратқан Иенің киелі үйіне беріп, бет-жүздерін шығысқа қарай бұрып, сондағы күнге иіле табынып жатыр екен! Мен осылай қарап тұрғанда, керубтер қанаттарын жайып, жерден көтерілді, сонда дөңгелектер де оларға ілесе көтерілді. Олар Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасының маңына тоқтады. Олардың үстінде Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты болды.
Выбор основного перевода