Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Құдайым, жүрегімді тазарта гөр,Рухымды берік қылып, жаңарта гөр. Оларға Мені, Жаратқан Иені, жақыннан танып біле алатын жүрек сыйлаймын. Олар Маған шын жүректен қайтып келгендіктен Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын. Істеп келген барлық зұлым қылықтарыңды тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты иемденіңдер! Әйтпесе сендерге өліп не бар, уа, Исраил халқы? Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын. Көкіректеріңнен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын, әрі бойларыңа өз Рухымды дарытамын. Осылай сендерді бұйрықтарыма сәйкес өмір сүріп, ережелерімді мұқият орындайтын қыламын. Олар Таурат заңын да, Мен, Әлемнің Иесі, Өзімнің Рухыммен ежелгі пайғамбарлар арқылы жіберген өзге сөздерімді де тыңдамау үшін жүректерін тастай етіп қасарыстырып қойды. Сондықтан да оларға қатты қаһарландым. Сенушілердің қауымы ой-ниеттері бірдей шын жүректен ынтымақтас болды. Ешкім қолындағы мал-мүлкін өз меншігім демей, олар барлығымен бөлісті. Осы «хатты» біздің қызметіміз арқылы Мәсіхтің Өзінің жазып жібергендігі сендердің өмірлеріңнен анық көрініп тұр. Ол сиямен емес, мәңгі тірі Құдайдың Рухымен, тас тақтайшаларға емес, адамдардың жүректеріне жазылды.
Выбор основного перевода