Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Мен халықтың тірі қалғандарын қай елге қуып жіберсем де, олар сонда тірі жүргендерінен гөрі өлгенді қалайтын болады, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. Мен оларды өнімдерінен жұрдай қыламын! — дейді Жаратқан Ие. — Жүзім бұтасында жүзім шоғы қалмайды, інжір ағашында жемісі болмайды, тіпті жапырағы да қурап қалады. Менің өздеріне сыйлаған нәрселерім олардан ғайып болды. Ондай адам құлазыған далада өсіп тұрған бұта сияқты болады. Ол ешқандай жақсылықты көрмей, шөлдің қуаңшылықтан жарылып кеткен, ешкім тұрмайтын сортаң жерін мекендегендей болады. Жүзім жинаушылар жүзімді жинағанда біразын қалдырып отырады. Түнде ұрылар түссе, олар сондағы дүниені өздеріне керегінше ғана ұрлап әкетеді.
Выбор основного перевода