Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күні жау Исраилдің үстінен буырқанып долданған теңіздей ақырады. Пенде жағаға қарап, қара түнек пен азапты көреді. Қараңғы бұлттар жарықты жауып тастағандай, әркімнің де күдері үзіледі. Қарасам, атты әскер мен садақшылардың айқай-шуынан бар қаланың тұрғындары бас сауғалап қашып кетіп бара жатыр екен! Біреулері қалың тоғайға қарай безсе, басқалары тау-тасқа өрмелеп бара жатты. Қалалардың бәрі бос қалған, оларда ешкім тұрмайды. Садақ пен найза ұстанған олар қатыгез, аяуды білмейді. Атқа мініп шапқанда дауылды теңіздей гүрілдейді. О, сорлы Бабыл, олар шеп құрып, сені басып алуға келеді!
Выбор основного перевода