Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие сендерге қарсы алыстан, тіпті жердің шетінен бір халықты төменге шүйілген бүркіттей аттандырып келтіреді. Сол халық сендер түсінбейтін бөтен тілде сөйлеп, Бірақ егер Маған қайта оралып, өсиеттерімді ұстанып орындайтын болсаңдар, онда тіпті жердің қиыр шеттеріне дейін айдалып тасталған болсаңдар да, Мен сендерді сол жақтан жинаймын, әрі өз есімімді орнатуға таңдап алған жерге қайтарып әкелемін!» Өйткені Мен солтүстіктегі барлық патшалықтардың ұлттары мен тайпаларын шақырып алмақпын. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын.Солардың патшалары аттанып келіп, тақтарын Иерусалимнің қақпаларының жанына орнатады да, қаланы қоршаған қабырғаларына және Яһуданың барлық басқа қалаларына да шабуыл жасайды. «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, — дейді Жаратқан Ие, — Мен сендерге қарсы алыстан бір халықты аттандырып әкелемін. Ол ежелден келе жатқан қуатты халық. Оның тілін білмейсіңдер, айтып тұрғандарын түсінбейсіңдер. Құлақ түріңдер! Бір хабар жетті: ол — солтүстік жақтан келе жатқан әскердің гүрілдеген зор үні! Жау Яһуданың қалаларын елсіз қылып, шибөрілердің мекеніне айналдырады! (— деп ескертеді пайғамбар.) Әлемнің Иесі тағы мынаны да айтады:— Қараңдаршы! Апат бір халықтан екінші халыққа тарап, жердің бар түкпірлерінен алапат дауыл тұрып келе жатыр. «Біліп қой, солтүстіктен бір әскер аттанып келеді. Бір үлкен халық пен көп патшалар жер бетінің алыс шеттерінен жылжып келетін болады. Садақ пен найза ұстанған олар қатыгез, аяуды білмейді. Атқа мініп шапқанда дауылды теңіздей гүрілдейді. О, сорлы Бабыл, олар шеп құрып, сені басып алуға келеді! Олар туралы хабар естігенде Бабыл патшасының қолдарының әлі кетіп, сылқ етеді. Жанын қорқыныш билеп, толғатқан әйелдей қиналады.
Выбор основного перевода