Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың,Бірақ маған Өзіңе құлақ салғыздың.Шалып, өртелетін не күнәнің құнынӨтейтін құрбандықтарды талап қылмадың. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Көптеп құрбандық шалуларыңның Мен үшін қандай мәні бар? Ұсынған қошқарларыңа, бордақыланған малдарыңның майына әбден тойдым. Құрбандыққа шалған бұқаларың мен қой-ешкілеріңнің төгілген қанына да риза емеспін. Жеріңді түйелер қаптайды. Мадиян мен Ефа халықтарынан желмая түйелер айдалып, сәбалық керуендер де саған жиі тоқтайтын болады. Олар алтын мен хош иісті заттар тасып әкеліп, Жаратқан Иенің ұлылығын жырлап паш етеді». Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: — Сендер Маған арнап түгелдей өртеп ұсынғыларың келген құрбандықтарыңды басқа да құрбандықтарыңа қосып, етін өздерің-ақ жей беріңдер! «Мен мейрамдарыңды жек көремін, салтанатты жиналыстарыңның иісі Маған жиренішті. — Мен Жаратқан Иенің алдына қандай сый-тартумен келейін? Көктегі Құдайға нені ұсынып, бас иіп тағзым ете аламын? Оның алдына келгенде құрбандыққа шалынып, өртелетін тайыншалар ұсынсам бола ма? Жаратқан Иеге сан мыңдаған қошқар әрі он мыңдаған бұлақ болып аққан зәйтүн майын әкеліп Оны риза қылуға бола ма? Бас көтеріп теріс іс істегенім үшін тұңғышымды, жасаған күнәм үшін өз перзентімді құрбандыққа шалайын ба? (— Әрине, олай емес.)
Выбор основного перевода