Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін. Және осы айтқандарымды Маған қарсы шыққан мына зұлым жамағаттың бәріне міндетті түрде жүзеге асырамын: олар бірде-біреуі тірі қалмай, осы иен далада құритын болады!» Алуан асыл заттарға ие боламыз,Үйлерімізді олжаға толтырамыз. Көк пен жер, ден қойып тыңдаңдар, Жаратқан Ие сөйлеп тұр. Ол былай дейді: «Мен балалар асырап алып, өсірдім. Алайда олар Маған қарсы шығып, бас көтерді. Сол данышпандарың Жаратқан Иенің сөзін қабылдамай тастады. Ендеше оларда қандай даналық бар? Олар жау еліне жер аударылып масқара болады. Уа, Яһуда патшалары мен Иерусалимнің тұрғындары, Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ салыңдар! Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Біліп алыңдар: Мен осы жерге зор апат жіберемін. Сол туралы естіген адам қатты абыржып құлағы шыңылдайтын болады. «Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Біліп алыңдар! Сендер тоңмойын болып, сөздеріме құлақ асудан қыңырлықпен бас тартып келе жатырсыңдар. Сондықтан Мен Иерусалим мен оның айналасындағы елді мекендерге қарсы паш еткен апатты енді міндетті түрде бастарыңа түсіремін!»
Выбор основного перевода