Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бәрінің үрейлері ұшып тұр. Олар толғағы қысқан әйелдей аласұра бүрісіп, бір-біріне таңырқай қарайды. Беттері қорқыныштан алабұртқан. Толғатып, тұңғышын босанайын деп жатқан әйелдің айқайындай айқай естіп тұрмын. Бұл ентігіп, демін ала алмай жатқан Иерусалимнің айқайы. Ол қолдарын жайып: «О, қасірет! Сорладым! Жан алғыштардың алдында дәрменсізбін!» — деп түңілді. Сен өзіңе одақтас болуға машықтандырған оларды Жаратқан Ие үстіңнен билеуші етіп қояды. Сонда сен не айтасың? Уа, Иерусалим, толғатып жатқан әйелдей қиналмас па едің? Сен Ливанда тұрып, оның самырсын ағаштарында ұя салған құс іспетті қауіпсіз сезінгенмен, сотталып жазаланған күніңде толғатқан әйелдей азап тартып қиналғанда қалайша ыңқылдар екенсің! Сол уәзірлер патшаға:— Ана адамды өлтіру керек! Ол қалада әлі де қалып отырған жасақшыларды әрі халықты сондай сөздерімен рухтарынан айырады. Сөйтіп ол халықтың игілігін емес, оның құруын көздеп жүр! — деді. Дамаск әлсіреп, халқы кері бұрылып қаша жөнеледі. Ол қорыққаннан дір-дір етіп, толғатып жатқан әйелдей қиналуда. Олар туралы хабар естігенде Бабыл патшасының қолдарының әлі кетіп, сылқ етеді. Жанын қорқыныш билеп, толғатқан әйелдей қиналады. Бәрінің қолдары қаусап, тізелері судай әлсірейді. Егер олар сенен: «Неге күрсініп ыңқылдайсың?» деп сұраса, оларға жауап беріп былай де: «Келе жатқан хабардан. Ол жеткенде баршаның жүрегі қорқыныштан әлсіреп, қолдарынан күш кетіп, рухтары қалжырайды, тізелері аққан судай дірілдейтін болады! Міне, ол келе жатыр, сол хабар міндетті түрде орындалады! — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие!»
Выбор основного перевода