Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иеремия
Параллельные места
Ұландардың әміршісі бас діни қызметкер Сераяхты, одан кейінгі лауазымды діни қызметкер Софонияны және ғибадатхананың үш қақпа күзетшісін де тұтқындады. былай деді: «Уа, Исраилдің Құдайы — Жаратқан Ие! Көк пен жерде Сен сияқты ешбір құдай жоқ! Жасаған Келісіміңе адалсың, шын жүректен тура жолыңмен жүрген қызметшілеріңе рақымың мол. Сен әкем марқұмға уәде еткеніңдей, оған сенімді болып, рақымыңды көрсетіп келдің. Бұрын Өзің сөз беріп, уәде еткеніңді бүгін іс жүзінде орындап отырсың. Жаратқан Ие Еремияға тағы да сөзін арнады. Сол кезде Седекиях патша Малқиях ұлы Пашхурды және Мағасиях ұлы Софония есімді діни қызметкерді Еремияға жіберіп: — Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Сен өз атыңнан Иерусалимдегі бүкіл халыққа, діни қызметкер Мағасиях ұлы Софонияға және басқа барлық діни қызметкерлерге мынадай хаттар жазыпсың: Оларды Жаратқан Иенің ғибадатханасына шақырдым. Сол жерде оларды Құдайдың адамы Иғдалиях ұлы Хананның үрім-бұтағының бөлмесіне ертіп апардым. Бұл бөлме ғибадатхана басқарушыларының бөлмесіне көршілес әрі ғибадатхана қақпашысы Шаллум ұлы Мағасияхтың бөлмесінің үстінде орналасқан еді. Сонда да Седекиях патша (басына күн туғанда) Еремия пайғамбарға Шелемиях ұлы Ехухал мен діни қызметкер Мағасиях ұлы Софония екеуін жіберіп: «Біз үшін Құдайымыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз!» — деп өтінді.
Выбор основного перевода