Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иеремия
Параллельные места
Себебі Жаратқан Ие былай деп шешкен еді: «Мен Солтүстік Исраилді көз алдымнан аластатқанымдай, Яһуданы да дәл солай аластатамын. Өзім таңдап алған осы қала — Иерусалимді және Мен «осы жерде өз атымды орнатамын» деген киелі үйді елемей тастап кетемін». Үйін әділетсіздікпен, жоғарғы бөлмелерін заңсыздықпен салып алған адамды Мен жазалаймын! Ол шеберлерге тегін жұмыс істетіп, тиесілі еңбекақыларын төлемей: «Өзіме арнап жоғарғы бөлмелерін кең етіп зәулім сарай саламын! Соған үлкен терезе жасап, ішін самырсынмен қаптап, қызыл бояумен әшекейлеймін» деп мақтанады. Алайда самырсыннан сарай салғаның сені ұлы патша қыла ма? Әкең марқұм тоя ішіп-жеп жайлы тұрмыс құрды емес пе? Ол әділдік пен шындықты жүзеге асырып, соның нәтижесінде игілікті өмір сүрді. Әкең бейшара мен кедейдің мүдделерін қорғап, елдің жағдайы жақсы болды. Мені жақыннан танып білу дегеннің өзі осы емес пе? — дейді Жаратқан Ие. Ал сен жан-тәніңмен арам пайдаға құнығып, жазықсыз қан төгіп, басқаға зорлық-зомбылық жасауды ынтыға көздейсің. Сондықтан Яһуда патшасы Жосия ұлы Жохақым туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: Кезінде оның отбасын: «Ой, бауырым, ой, қарындасым!» деп ешкім жоқтамайтын болады, оның өзін де жұрт: «Беу, тақсыр ием-ай! Ой, патшам-ай!» деп те жоқтамайды. Сол себепті Жаратқан Ие Яһуда патшасы Жохақым туралы мынаны айтады: Оның ұрпағының ешқайсысы Дәуіттің тағында отырмайтын болады. Оның мәйіті сыртқа лақтырылып, күндіз аптапта, түнде аязда қалады. Мен оның өзін де, ұрпақтарын да, нөкерлерін де зұлымдықтары үшін жазалаймын. Ескертулеріме құлақ аспағандарына бола Мен оларға және Иерусалим мен Яһуданың тұрғындарына жіберемін деп алдын ала айтқан апаттардың бәрін де бастарына түсіремін.
Выбор основного перевода