Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иеремия
Параллельные места
Әмірші тек ең кедей тұрғындардың біразын ғана жүзімдіктер мен егіндіктерді күту үшін елде қалдырды. Әйтсе де Набузар-Адан әмірші түгі жоқ кедейлерді Яһуда елінде қалдырып, оларға жүзімдіктер мен құдықтарды қарап күтуді тапсырды. Әмірші Еремияны қасына шақырып алып, оған былай деді: «Сіздің Құдайыңыз Жаратқан Ие осы пәленің мына жерге түсуін алдын ала айтқан еді. Енді Жаратқан Ие уәдесін орындап, осыны істеп отыр. Халқыңыз Жаратқан Иеге қарсы күнә жасап, Оның даусына құлақ аспай жүрді. Сондықтан да осы бақытсыздық бастарыңызға түсті. Ал енді мен қолдарыңыздағы шынжырларыңызды шешіп, босатамын. Егер менімен Бабылға барғыңыз келсе, жүріңіз. Онда менің қолымда тұратын боласыз, мен сізге қамқорлық жасаймын. Ал егер барғыңыз келмесе, осында қала беріңіз. Бүкіл ел, міне, алдыңызда жатыр. Қалаған жеріңізге барып тұрыңыз!» Еремия әлі де басқа жаққа кетпей тұрғанда Набузар-Адан оған: «Бабыл патшасы Ахиқамның ұлы, Шафанның немересі Ғодалияхты Яһуданың қалаларын басқарушы әкім етіп тағайындаған. Соның қасына қайтып барыңыз. Онымен бірге халқыңыздың арасында тұра беріңіз. Немесе басқа жаққа баруды жөн көрсеңіз, онда сол жаққа барып тұрыңыз», — деп қосты. Ұландардың әміршісі оған азық-түлік пен сыйлық беріп, қоя берді. Сонда Еремия Миспа қаласындағы Ахиқам ұлы Ғодалияхқа барып, елде қалып қойған халықтың арасында тұрды.
Выбор основного перевода