Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иеремия
Параллельные места
Жауынгерлер Құдайдың киелі үйіне от қойып өртеп, Иерусалим қамалының қабырғаларын қиратып тастады. Олар қаладағы күллі сарайларды да өртеп, ондағы құнды нәрселердің барлығын құртты. Халдейлер патша сарайына да, халықтың үйлеріне де от қойып өртеп, Иерусалим қамалының қабырғаларын қиратып тастады. Тәңір Ие өз құрбандық үстеліненБезіп кетті әрі киелі үйінен.Ол Сион шаһарындағы сарайлардыДұшпандарының қолына тапсырды.Солар Жаратқанның ғибадатханасындаМейрам болып жатқандай айқай салуда. «Сондықтан сендердің кесірлеріңнен Сион тауы егістіктей соқамен жыртылады! Иерусалим тас үйіндіге айналады! Қазір ғибадатхана тұрған қырат ну орманды төбеге айналады!»
Выбор основного перевода