Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен май жағу рәсімінен өтіп патша болып тағайындалсам да, бүгін әлсізбін. Сарұяның осы ұлдары мен үшін тым қатыгез болып тұр. Жаратқан Ие зұлымдық істеген адамға сонысына сәйкес жазасын тартқызсын!» Бірақ Седекиях Еремияға тек қана былай деді:— Өзіңді өлтірмеулері үшін бұл әңгіме туралы ешкімге тіс жарма! Егер әміршілер екеуіміздің сөйлескеніміз жайлы естіп, саған келіп, «Патша саған не деді, сен патшаға не дедің, соны айтып бер! Әйтпесе көзіңді құртамыз» дейтін болса, оларға: «Патшадан мені Жонатанның үйіне қайтара көрмеңіз, әйтпесе өліп қалармын деп өтіндім» деген жауап бер! Айтқандай-ақ, әміршілердің бәрі Еремияға келіп, оған болған әңгіме туралы сұрақтар қойды. Пайғамбар оларға тек патшаның айт дегендерін ғана айтып берді. Содан олар тағы еш нәрсе деместен өз жөндеріне кетті. Өйткені ешкім патша екеуінің арасында болған әңгімені естімеген еді. Осылай Еремия жаудың Иерусалимді басып алған күніне дейін сақшылар ауласындағы қамауда қала берді.Иерусалим қаласының жау қолына түсуі былай болды.
Выбор основного перевода