Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Ол сендерге не деді? Айтып берші, — деп сұрады ағасы. — Бізге: «Есектерің табылды!» деп нық айтты. — Бірақ Саул ағасына Самуилдің өзіне патшалық туралы айтқандары жайлы тіс жармады. Саул қасына елдегі үш мың таңдаулы жауынгерді ертіп алып, Дәуітті іздеуге Зиф маңындағы елсіз аймаққа қарай аттанып, Есімонға қарама-қарсы жатқан Һақила қырындағы жолдың бойына қосын тікті. Елсіз қыратта жүрген Дәуіт өзін Саулдың іздеп, соңына түскенін ұғынды. Содан ол барлаушыларын жіберіп, Саулдың шынымен келгенін анықтап білді. Мұнан кейін Дәуіт Саулдың қос тіккен жеріне жақындап, (қырат басынан) Саул мен қолбасшысы Нер ұлы Әбенирдің қай жерде жатқандарын мұқият қарап алды. Саул бекінген тұрақтың ортасында, ал жауынгерлері оны айналдыра қоршап жатыр екен.
Выбор основного перевода