Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие жауап беріп былай деді:— Мен сені ізгі ниетпен нығайтамын. Елдің басына апат пен ауыртпалық түскен кезде тіпті дұшпандарыңа да сенен көмек сұратып жалындырамын. Жаратқан Ие Еремияға тағы да сөзін арнады. Сол кезде Седекиях патша Малқиях ұлы Пашхурды және Мағасиях ұлы Софония есімді діни қызметкерді Еремияға жіберіп: — Бабыл патшасы Набуходоносор бізге қарсы соғыс ашты. Енді Жаратқан Иеден біз үшін мынаны сұрап біліп алсаңыз екен: Мүмкін, Ол ежелде көрсеткен кереметтері сияқты бізге де керемет жасап, жауды елімізден шегіндіріп кері қайтармас па екен? — деген өтінішін білдірген болатын. Кейін Седекиях патша адам жіберіп, пайғамбарды өзінің алдына әкелдірді. Өз сарайында онымен құпия жүздесіп:— Жаратқан Иенің бізге арнаған сөзі бар ма? — деп сұрады. Еремия оған:— Иә, бар. Сіз Бабыл патшасының қолына түсесіз! — деп, Еремия пайғамбардың алдына келіп, былай деді:— Біздің өтінішімізді тыңдап, елде қалған бәріміз үшін Құдайыңыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз! Бұрын біз көп едік, енді өзіңіз көріп отырғаныңыздай азғантай ғана қалдық. Қай жолмен жүруіміз керек, не істеуіміз керек, соны бізге Құдайыңыз Жаратқан Ие көрсете көрсін. — Еремия пайғамбар оларға былай деді:— Айтқандарыңды естідім. Әрине, мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иеге сиынып өздерің үшін арашалық дұға ете беремін. Жаратқан Ие маған қандай жауап берсе де, оны сендерге ештеңесін бүкпей жеткіземін! — Олар Еремияға:— Егер Құдайыңыз Жаратқан Иенің бізге сіз арқылы жіберген бүкіл бұйрығы бойынша істемесек, онда Жаратқан Ие бізге қарсы сенімді де шыншыл куә болсын! Маған: «Құдайымыз Жаратқан Иеге біз үшін арашалық дұға етсеңізші! Оның бізге арнап айтқандарын толықтай жеткізіңіз, біз соны орындаймыз!» дегендеріңде де екіжүзділік жасап ғаламат қате жібердіңдер.
Выбор основного перевода