Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Ехониях патша өзінің шешесі, нөкерлері, әміршілері және сарай қызметкерлерімен бірге қаладан шығып, бабылдықтарға берілді.Набуходоносор патшалық құрған сегізінші жылы Ехонияхты тұтқындады. Содан адамдар: «Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы — шынымен Исраилдің үстінен қарайтын Құдай!» дейтін болады. Әрдайым Сенің атыңның даңқы шығады және қызметшің Дәуіттің әулеті өз алдыңда нық тұрады. Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала,Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа,Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,Құтқарылатын боламыз осылайша. Уа, Әлемнің Иесі, қайта оралсаңшы,О, Құдай, көктен жерге көз салсаңшы,Осы «жүзім бұтасын» қамқорлашы, Мен Жаратқан Иенің осы хабарын Яһуда патшасы Седекияхқа да жеткізіп былай дедім:— Бабыл патшасының мойынтұрығын киіп, оған және оның халқына бағыныңдар, сонда тірі қаласыңдар! Жаратқан Ие Бабыл патшасына бағынбаған кез келген халықты семсер, ашаршылық және індетпен қырамын деп ескертіп тұрғанда саған халқыңмен қоса қырылып не бар? Бірақ Жаратқан Иенің уәделі сөзін де тыңда, уа, Яһуда патшасы Седекиях! Жаратқан Ие сен туралы мынаны айтады: сен семсердің жүзінен емес, өз ажалыңнан өлесің. Бұрын Яһудада патша болған ата-бабаларың қайтыс болғанда олардың құрметіне (хош иісті заттар түтетіліп) от жағылғанындай, сенің құрметіңе де сондай от жағылып, «Беу, тақсырымыз-ай!» деп жұрт сені жоқтап қайғыратын болады. Мен саған осыны бұйырттым». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Бабыл патшасының барлық әміршілері қаланың Ортаңғы қақпасындағы билік орнында жайғасты. Олар Нергал-Шаресер, Самғар-Небо, сарай қызметкерлерінің бастығы Сарсехим, бас кеңесші Нергал-Шаресер және Бабыл патшасының өзге де көптеген лауазымды қызметкерлері еді. Мен (Бабыл еліндегі) жазық алқапта көрген көріністегідей, Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты маған сол жерде де көрінді.
Выбор основного перевода