Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер бір ұлт не бір патшалық Бабыл патшасы Набуходоносорға бағынып оның мойынтұрығын киюден бас тартса, Мен ондай ұлтты семсер, ашаршылық және індетпен жазалап, сол патшаның қолымен құртамын! — дейді Жаратқан Ие. — Яһуда патшасы халдейлердің қолынан қашып құтыла алмайды! Ол сөзсіз Бабыл патшасының қолына түсіп, оны өз көзімен көріп, бетпе-бет сөйлесетін болады. «Яһуда патшасы Седекияхқа бар да, оған хабарымды жеткіз: Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен осы қаланы Бабыл патшасының қолына тапсырамын, ал ол қаланы өртеп жібереді. Сен оның шеңгелінен қашып құтыла алмай, сөзсіз ұсталып, оның қолына тапсырыласың. Бабыл патшасын өз көзіңмен көріп, ол сенімен бетпе-бет сөйлесетін болады. Содан Бабылға әкетілесің.
Выбор основного перевода