Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Седекиях бабылдықтардың қолына түсіп, Хамат еліндегі Рибла қаласына Бабыл патшасының алдына апарылды. Сол жерде бабылдықтар Седекияхты соттап, үкімін шығарды. Яһуда патшасы халдейлердің қолынан қашып құтыла алмайды! Ол сөзсіз Бабыл патшасының қолына түсіп, оны өз көзімен көріп, бетпе-бет сөйлесетін болады. Бабыл патшасы сол Риблада Седекияхтың ұлдарын оның көз алдында шауып өлтірді. Ол, сондай-ақ, Яһуданың барлық лауазымды адамдарын да шауып өлтіртті. Ысмағұл Миспадағы патшаның қыздары мен халықтың қалған адамдарын тұтқынға алды. Солардың бәрін бабылдық ұландар әміршісі Набузар-Адан Ахиқам ұлы Ғодалияхтың қарауына тапсырып кеткен болатын. Ысмағұл оларды ертіп алып, аммондықтарға (Иорданның арғы жағына) өтпек болып, жолға шықты.
Выбор основного перевода