Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Мысыр патшасы өз елінен соғысуға аттанып шықпады. Себебі Бабыл патшасы бұрын Мысырға тәуелді болған жердің барлығын: Евфрат өзенінен бастап, Мысырдың солтүстік шекарасындағы өзеннің аралығындағы бүкіл өлкені өзіне бағындырып алған еді. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Бас көтергіш балаларға ұқсайтын халқым қасіретке қалады! Олар Менің еркімнен тыс жоспарлар ойлап, одақ құрады, әрі Менің Рухымның жетелеуінсіз келісімшарт жасайды. Осылай күнәларына күнә жамап келеді. Халқым Менен ақыл сұрамай-ақ Мысырға ылдилап барады. Сол елдің қуатты патшасы перғауыннан қорғаныш іздеп, Мысырдың саясын паналайды. Алайда перғауынның қорғанышы оларға ұят келтірмек, Мысырдың саясын паналау оларды масқараға ұшыратпақ. Мысырға ылдилап барып, көмек сұрағандар қасіретке қалады! Олар Мысырдың көптеген аттары мен соғыс күймелеріне әрі сондай мықты салт аттыларына сенім артады, ал Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратқан Иеге бет бұрып сиынбайды. Бірақ Жаратқан Ие Өзінің зор даналығымен оларға апат жібермек. Ол айтқан сөзінен таймайды, әрі зұлымдық істеуші елге, әділетсіздік жасайтындарды қолдағандарға қарсы шығатын болады. Мысырлықтар тәңір емес, жай пенделер ғана. Олардың астындағы аттары да рух емес, жай ет пен сүйектен тұратын тән. Жаратқан Ие Өзінің құдіретті қолын алға созғанда, Яһудаға қол ұшын беретін Мысыр елі сүрінеді. Мысырдың қолдауын қабылдаған Яһуда халқы да құлап түседі. Осылай олардың екеуі де құриды. — Бабыл патшасы Набуходоносор бізге қарсы соғыс ашты. Енді Жаратқан Иеден біз үшін мынаны сұрап біліп алсаңыз екен: Мүмкін, Ол ежелде көрсеткен кереметтері сияқты бізге де керемет жасап, жауды елімізден шегіндіріп кері қайтармас па екен? — деген өтінішін білдірген болатын. Елдеріне қайтқан соң олар былай деп айқайлайды: «Мысыр патшасы перғауын у-шу шығарған мақтаншақ. Алайда ол өзіне қолайлы сәтті пайдалана білмеді». Бекерге көмек іздеп көзіміз талды.Мұнарадан тостық құтқара алмайтын халықты. Содан Бабыл патшасы Иерусалим қаласына аттанып барып, көп адамның өмірін құрту үшін қаланы дуалмен қоршап, үймектер үйіп, шабуыл жасамақ. Ал (Мысыр патшасы) перғауын өзінің қалың қолымен, көптеген жасақшыларымен Иерусалим патшасына еш көмек көрсетпейтін болады. «Пендем, бет-жүзіңді Мысыр патшасы перғауынға қарай бұр да, оған және бүкіл Мысырға қарсы Менің хабарымды жарияла! Сонда Мысырдың барлық тұрғындары Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен Исраил елі үшін қамыс таяқ іспетті қауқарсыз болдың.
Выбор основного перевода