Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Набуходоносор Ехонияхтың орнына оның немере ағасы Маттанияхты патша етіп тағайындап, соның есімін Седекиях деп өзгертті. Жыл басы — көктемде Бабыл патшасы Набуходоносор жауынгерлерін жіберіп, Ехониях патшаны Бабылға алдыртты. Әскер Ехонияхпен бірге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі бағалы бұйымдарды да ала кетті.Бабыл патшасы Ехонияхтың орнына немере ағасы Седекияхты Яһуда мен Иерусалимнің үстінен патша етіп қойды. Мәңгі тірі Жаратқан Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Уа, Яһуда патшасы Жохақым ұлы Ехониях, Менің оң қолымдағы мөрлі жүзігімдей беделді болған едің. Алайда Мен сені қолымнан жұлып алып тастайтын боламын! Мына бас көтергіш халықтан: «Осы астарлы әңгіменің мағынасын түсінбейсіңдер ме?» деп сұра! Оларға мына хабарымды жеткіз: Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимді басып алды да, қаланың патшасы мен әміршілерін Бабылға айдап әкетті. Содан соң ол патшалық әулеттен шыққан басқа біреуді таңдап алып, онымен келісім жасап, оған өзіне адал болуға ант бергізді. Бабыл патшасы, сондай-ақ, елдің лауазымды адамдарын да тұтқынға алды. Ол мұны Яһуда патшалығы бұдан былай бас көтере алмай, бағынып, тек Бабылмен жасасқан келісімді ұстануларымен ғана жандарын бақсын деп істеді. Алайда Иерусалим патшасы Мысырға елшілерін жіберіп, сол елден көп жылқы мен қалың әскер сұрауы арқылы Бабыл патшасына қарсы бас көтерумен болды. Ол енді табысқа жете ме? Мұндайды істеген адам аман-есен қала ма? Антын бұзған адам аман-сау құтыла ма? Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Иерусалимнің патшасы Бабыл елінің ішінде өледі! Сол елдің патшасы оны билеуші етіп тағайындаған еді ғой! Ал өзі оған берген антын бұзып, жасасқан келісіміне немқұрайды қарады. Содан Бабыл патшасы Иерусалим қаласына аттанып барып, көп адамның өмірін құрту үшін қаланы дуалмен қоршап, үймектер үйіп, шабуыл жасамақ. Ал (Мысыр патшасы) перғауын өзінің қалың қолымен, көптеген жасақшыларымен Иерусалим патшасына еш көмек көрсетпейтін болады. Иерусалим патшасы келісімді бұзып, берген антына немқұрайды қараған еді. Ол қол алысып уәде бере тұра, осылай сөзінен тайғаны үшін, жазасынан қашып құтыла алмайды. Сондықтан мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп мынаны айтады: Иерусалим патшасының Менің атымды атап берген антына немқұрайды қарап, Келісімімді бұзғанының жазасын Мен оның өз басына түсіремін. Оған торымды жайып, ол соған түсетін болады. Өзіме қарсы опасыздық жасағаны үшін Мен оны Бабылға апарып, сол жерде соттап жазалаймын. Оның тым-тырақай қашқан жасақтары семсерден қаза тауып, тірі қалғандары шартарапқа шашылып кетеді. Сонда сендер бұны айтқан Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар».
Выбор основного перевода