Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал содан кейін Мен Яһуда патшасы Седекияхтың өзін де, осы қалада індет, семсер және ашаршылықтан аман қалған нөкерлері мен халқын да Бабыл патшасы Набуходоносордың әрі жандарын алмақ болған басқа да жауларының қолына тапсырамын. Набуходоносор оларды семсермен қырып, еш аяу, мүсіркеу, рақым ету дегенді білмейтін болады, — деп ескертеді Жаратқан Ие. Седекиях патша оларға:— Ол сендердің қолдарыңда. Патша сендерге қарсы ештеңе істей алмайды ғой! — деп жауап берді. Содан олар Еремияны ұстап алып, патшазада Малқияхтың сақшылар ауласында орналасқан құдығына арқанмен түсіріп тастады. Құдықтың суы жоқ, түбі батпақ екен. Еремия батпаққа белшесінен батты. Еремияның құдыққа түсірілгенін құштық Әбдімәлік те естіді. Ол патша сарайында қызмет көрсететін нөкер болатын. Патша Бунямин қақпасының алдында билік айтып отырған кезде Әбдімәлік сарайдан шығып, патшаның алдына барды да, оған мына өтінішін білдірді: — Уа, патша ием, ана кісілердің Еремия пайғамбарды құдыққа тастағандары — нағыз зұлымдық! Сол жерде ол аштан өледі, қалада нан қалған жоқ қой! — Патша құштық Әбдімәлікке:— Осы жерден отыз адамды ертіп алып, өліп қалмас бұрын Еремия пайғамбарды құдықтан шығарып ал! — деп бұйырды. Әбдімәлік сол адамдарды ертіп алып, сарайдағы қазына қоймасының астындағы бір бөлмеге түсті. Сол жерден біраз ескі шүберек пен көнетоз киімдерді алып, құдықтағы Еремияға арқанмен төмен түсірді. Әбдімәлік Еремияға қатты дауыстап: «Мына шүберектер мен киімдерді қолтығыңыздың астына салып алыңыз! Арқан денеңізді қиып кетпесін», — деді. Еремия солай істеді. Сонда олар оны арқанмен тартып, құдықтан шығарып алды. Мұнан кейін Еремия сарайдағы сақшылар ауласына қайтарылып, енді сонда қалатын болды. Бірде Седекиях патша Еремия пайғамбарға тағы да адам жіберді. Сол кісі оны Жаратқан Иенің ғибадатханасының үшінші кіреберісіне алып келді. Патша Еремияға:— Сенен бір нәрсе сұрағым келеді. Менен ештеңе жасырушы болма! — деді. Еремия оған былай деп жауап берді:— Егер бәрін бүкпей айтатын болсам, мені өлтірмес пе едіңіз? Ал кеңес берсем де, сіз мені бәрібір тыңдамайсыз ғой! — Бірақ Седекиях патша құпия түрде Еремияға уәде беріп:— Бізге тіршілік лебін сыйлаған мәңгі тірі Жаратқан Иенің атымен ант етемін: сізді өзім өлтірмеймін де, жаныңды алмақ болғандардың қолына тапсырмаймын да! — деді. Бірақ Седекиях Еремияға тек қана былай деді:— Өзіңді өлтірмеулері үшін бұл әңгіме туралы ешкімге тіс жарма! Егер әміршілер екеуіміздің сөйлескеніміз жайлы естіп, саған келіп, «Патша саған не деді, сен патшаға не дедің, соны айтып бер! Әйтпесе көзіңді құртамыз» дейтін болса, оларға: «Патшадан мені Жонатанның үйіне қайтара көрмеңіз, әйтпесе өліп қалармын деп өтіндім» деген жауап бер! Айтқандай-ақ, әміршілердің бәрі Еремияға келіп, оған болған әңгіме туралы сұрақтар қойды. Пайғамбар оларға тек патшаның айт дегендерін ғана айтып берді. Содан олар тағы еш нәрсе деместен өз жөндеріне кетті. Өйткені ешкім патша екеуінің арасында болған әңгімені естімеген еді.
Выбор основного перевода