Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осыны естігенде Аса патша пайғамбарға қатты ашуланды. Ашуының күшті болғаны сонша, пайғамбарды бұғаулатып, қамап қойғызды. Аса сол кездері халқының басқа да бірқатар адамдарына қысымшылық көрсетіп, жәбірледі. Оларға былай деңдер: «Патшаның бұйрығы мынау: Осы адамды түрмеге жабыңдар! Мен аман-есен қайтып келгенше, оған біразырақ нан мен су ғана беріңдер!» — Бірақ Сен, уа, Жаратқан Ие, олардың мені өлтіруге жасаған барлық жоспарларын білесің. Олардың қылмыстары мен күнәларын кешіріп, есіңнен шығара көрме! Қаһарлы сотың кезінде оларға лайықтысын қайтарып, Өзіңнің алдыңда жайпап құртып жібере гөр!» оны дүрелеп, Жаратқан Иенің ғибадатханасының Жоғарғы Бунямин қақпасының маңында бұғаулап тастады. Өзге кейбіреулері мазаққа ұшырап, соққыға жығылып, шынжырмен құрсауланып, түрмеге жабылды.
Выбор основного перевода