Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Седекиях Құдай Иесіне жек көрінішті істер істеді. Патша тіпті Жаратқан Иенің оған Еремия пайғамбар арқылы жеткізген сөздеріне де бағынбады. Седекиях Набуходоносор патшаға адал болуға Құдайдың атымен ант берген болса да, оған қарсы көтерілді. Тоңмойын қыңыр болып, жүрегін қасарыстырған Седекиях Исраилдің сиынған Құдайы Жаратқан Иеге бет бұрудан бас тартты. Оның үстіне діни қызметкерлердің күллі басшылары мен халық та барған сайын Хақ Тағалаға опасыздық жасап, басқа ұлттардың барлық жексұрын дәстүрлеріне еліктеді. Олар тіпті Жаратқан Иенің Иерусалимдегі Өзіне бағыштаған киелі үйін арамдауға дейін барды!
Выбор основного перевода