Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан ол патшалық сарайдың хатшылар отыратын бөлмесіне барды. Сол жерде басшылар бас қосатын: Әлишама хатшы, Шемаях ұлы Делаях, Ахбор ұлы Елнатан, Шафан ұлы Гемариях, Хананиях ұлы Седекиях және тағы басқа лауазымды қызметкерлер. Ал енді мен қолдарыңыздағы шынжырларыңызды шешіп, босатамын. Егер менімен Бабылға барғыңыз келсе, жүріңіз. Онда менің қолымда тұратын боласыз, мен сізге қамқорлық жасаймын. Ал егер барғыңыз келмесе, осында қала беріңіз. Бүкіл ел, міне, алдыңызда жатыр. Қалаған жеріңізге барып тұрыңыз!» Еремия әлі де басқа жаққа кетпей тұрғанда Набузар-Адан оған: «Бабыл патшасы Ахиқамның ұлы, Шафанның немересі Ғодалияхты Яһуданың қалаларын басқарушы әкім етіп тағайындаған. Соның қасына қайтып барыңыз. Онымен бірге халқыңыздың арасында тұра беріңіз. Немесе басқа жаққа баруды жөн көрсеңіз, онда сол жаққа барып тұрыңыз», — деп қосты. Ұландардың әміршісі оған азық-түлік пен сыйлық беріп, қоя берді. Сонда Еремия Миспа қаласындағы Ахиқам ұлы Ғодалияхқа барып, елде қалып қойған халықтың арасында тұрды. Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап,әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Қуана шаттаныңдар,себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.
Выбор основного перевода