Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
екеуін інім Ханамилдің, қол қойған куәгерлердің және сол кезде қарауылдар ауласында отырған басқа барлық яһудилердің көзінше Нирияхтың ұлы, Мағасеяхтың немересі Барухқа тапсырдым. Олар Нетанияхтың ұлы, Шелемияхтың немересі, Хусидің шөбересі Еһудиді Барухқа жіберіп, оған: «Сен халыққа оқып берген шиыршық кітапты осында алып кел!» — деген бұйрықты жеткізді. Сонда Нириях ұлы Барух шиыршық кітапты басшылар жиналған жерге алып барды. Барух:— Иә, ол маған осы сөздердің бәрін өз аузымен айтып, мен сиямен осы кітапқа жазып алып отырдым! — деп жауап берді. Яһуда еліне Жосия ұлы Жохақым патшалық құрған төртінші жылы Еремия пайғамбардың аузынан шыққан сөздерді Нириях ұлы Барух шиыршық кітапқа жазып қойған соң, Еремия оған былай деді: Содан соң қарасам, маған қарай созылған бір қолды көрдім. Сол қол маған бір шиыршық кітапты ұсынып тұр екен.
Выбор основного перевода