Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ахаб Ізрел қаласына жеткенде, Езабел патшайымға Ілиястың істегендерінің барлығын, оның Бағалдың пайғамбарларының бірде-біреуін қалдырмай, семсердің жүзімен қырып тастағанын да түгелдей айтып берді. Сонда Езабел Ілиясқа хабаршысын жіберіп мынаны айтқызды: «Егер мен ертең осы кезге дейін сенің күллі пайғамбарларға істегеніңді өз басыңа істемесем, мені тәңірлер жазалаған үстіне жазалай берсін!» Сонда Ілияс қатты қорқып, бас сауғалап қашып кетті. Ол Яһуда руының жеріндегі Бер-Шеба қаласына жетіп, сонда қызметші жігітін қалдырып кетті. Өзі елсіз далаға қарай тағы бір күндік жол жүріп, жалғыз тұрған арша бұтасының саясына келіп отырды. Ілияс өмірден түңіліп: «Уа, Жаратқан Ие, осы көргенім де жетер, жанымды ала гөр! Менің ата-бабаларымнан еш артықшылығым жоқ», — деп мінажат етті. Бұдан кейін ол сол бұтаның түбіне жантайып, ұйықтап кетті.Кенеттен бір періште Ілиясты түртіп оятып: «Тұр да, мынаны жеп ала ғой!» — деді. Ілияс айналдыра қарап, бас жағында тұрған бір таба нан мен бір құмыра суды көрді. Ол ішіп-жеп, қайтадан жата кетті. Жаратқан Иенің періштесі қайтадан келіп, оны түртіп оятып: «Тұр да, тамақтан. Әйтпесе алдағы жүретін жолың тым ұзақ болады», — деді. Ілияс тұрып, ішіп-жеп, сол тамақтың күшімен қырық күн, қырық түн жол жүріп, Құдайдың тауы — Хориб тауына барып жетті. Мен сені осы халық үшін қабырғадай, иә, бекіністі қола қабырғадай берік етемін. Олар сенімен күрессе де, сені жеңе алмайды, өйткені Мен саған жар болып, өзіңді құтқарып, аман сақтайтын боламын! Осы уәдені берген Мен Жаратқан Иемін. Сені Өзім зұлымдардың қолынан құтқарып, қатыгез адамдардың шеңгелінен арашалап аламын. Яһуда еліне Жосия ұлы Жохақым патшалық құрған төртінші жылы Еремия пайғамбардың аузынан шыққан сөздерді Нириях ұлы Барух шиыршық кітапқа жазып қойған соң, Еремия оған былай деді: — Уа, Барух, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие саған мынаны айтады: Сен «О, қасірет! Сорлы басым-ай! Жаратқан Ие менің көрген азабымның үстіне тағы қасірет қосты. Күрсіне бергеннен шаршадым, маған еш тыныштық жоқ!» дейсің.
Выбор основного перевода