Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын, сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Ол жомарттықпен кешіреді Бірақ егер сол халық өзінің жасап жүрген зұлым істеріне өкініп, солардан бас тартса, онда Мен де райымнан қайтып, жіберейін деп отырған апатты оларға жібермеймін. Мүмкін, олар құлақ асып, әркім өзінің зұлым жолынан қайтар. Сонда Мен де райымнан қайтып, зұлымдықтары үшін жоспарлаған апатымды олардың бастарына түсірмеймін. Мүмкін, олар Жаратқан Иеге жалбарынып, әрқайсысы зұлым жолынан қайтатын шығар. Себебі Жаратқан Иенің осы халыққа қарсы лаулаған қаһары өте күшті!» Сондықтан сен, ей, пендем, жер аударылып кетуге дайындалып, қажетті заттарыңды жинақтап ал! Елдестеріңнің көзінше күндіз басқа жаққа кетіп қал. Олар бас көтергіш халық болса да, мүмкін, түсінер. Адам және жануар атаулы азалы киім мен жабу жамылсын! Әркім Құдайға қатты жалбарынып сиынсын! Бәрі де зұлым жолдарынан қайтып, қатыгез іс-әрекеттерінен бас тартсын! Осылайша олар көріп тұрсын, алайда аңғармасын, естіп тұрсын, алайда түсінбесін. Әйтпесе олар теріс жолдарынан қайтып, күнәлары кешірілер еді. Сондықтан теріс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды кешіріп,
Выбор основного перевода