Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Азап пен ауыртпалық зұлымды үрейлендіреді. Шайқасқа дайын тұрған патшадай сол екеуі оны басып алады. Себебі зұлым адам Құдайға қарсы қолын көтереді, құдіреті шексіз Аллаға қарсы өзін күштімін деп бөседі. Олар көріпкелдерге: «Аян көруші болмаңдар!» — дейді, пайғамбарларға да былай деп тыйым салады: «Ненің ақиқат екені туралы емес, бізге ұнамды жайттар туралы айтыңдар! Қиялдар көріп, соларды жеткізіңдер! Өзін жаратқан Құдайды сынап, шағым айтқан пенде қасіретке қалады! Ол саздан жасалған ыдыстың сынығына ұқсайды. Әлде саз балшықтың құмырашыны: «Не істеп отырсың?» — деп сынауына бола ма? Немесе өзің жасап жатқан бұйымыңның сен туралы: «Қолынан түк келмейді», — деп наразылық білдіруіне қақысы бар ма?! солтүстіктің барлық ұлттары мен тайпаларын және Менің еркімді іске асыратын Бабыл патшасы Набуходоносорды осы ел мен оның тұрғындарына және оның айналасындағы күллі халықтарға қарсы аттандырып алып келемін. Мен осы елдерді түгелдей қиратып тастаймын. Олар ұдайы қаңырап бос қалады, ал басқалар оларға қарап аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып келекелейтін болады. Олардан қуаныш пен шаттықтың үнін, күйеу жігіт пен қалыңдықтың көңілді дауыстарын шықпайтын қыламын. Қол диірменінің үні де өшіп, шам-шырақтары сөніп қалады. Бүкіл ел қорқынышты құлазыған айдалаға айналады, ал осы ұлттар Бабыл патшасына жетпіс жыл бойы басыбайлы қызмет ететін болады. Осы киелі үй Шило сияқты талқандалады, әрі Иерусалим қирап, қаңырап бос қалады деп Жаратқан Иенің атынан айтуға қалай ғана аузың барады?» — Жаратқан Иенің киелі үйінде көп халық Еремияның айналасына топырлап жиналды. Оны қамап қойған Яһуда патшасы Седекиях еді. Ол Еремияға:— Сен неге былай деп пайғамбарлық сөздер айтып жүрсің: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен бұл қаланы Бабыл патшасының қолына тапсырамын, ол оны басып алады. Қазір сендер: «Мынау — адамы мен малынан айырылып қаңырап қалған ел. Ол халдейлердің қолына беріліп отыр» деп айтып жүрген елде әлі де егістіктер сатылып алынатын болады. Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер осы жер туралы: «Мынау — адамы мен малынан айырылып қаңырап бос қалған құла түз!» дейсіңдер. Алайда адам да, мал да тұрмайтын Яһуданың қалаларында әрі Иерусалимнің қаңырап бос қалған көшелерінде әлі де
Выбор основного перевода