Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ешуа қатты қайғырып көйлегінің өңірін айыра жыртты да, кешке дейін Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында етпетінен жатты. Исраилдің рубасылары да солай істеп, барлығы да бастарына топырақ шашты. Езекия патша осыларды естігенде қатты күйзеліп көйлегінің өңірін айыра жыртты. Үстіне азалы киім киіп, Жаратқан Иенің киелі үйіне кіріп, Оған сиынды. Содан кейін патша сарай басқарушысы Елиәкімге, хатшысы Себнаға және аға діни қызметкерлерге азалы киім кигізіп, оларды Амос ұлы Ишая пайғамбарға жіберді. Патша кітаптың мазмұнын естігенде, қатты қайғырып көйлегінің өңірін айыра жыртты. Мұнан кейін сарай басқарушысы Хелкия ұлы Елиәкім, бас хатшы Себна және жылнамашы Асаф ұлы Жоғах Езекияға қайта оралды. Олар қатты күйзеліп үстеріндегі көйлектерінің өңірін айыра жыртып, патшаға Ассур патшасының бас уәзірінің сөздерін жеткізді. Езекия патша осыларды естігенде қатты күйзеліп, көйлегінің өңірін айыра жыртты. Үстіне азалы киім киіп, Жаратқан Иенің киелі үйіне кіріп, Оған сиынды.
Выбор основного перевода