Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Бабыл патшасының әскері Иерусалимді қоршап алып, шабуыл жасап жатты. Ал Еремия пайғамбардың өзі Яһуда патшасының сарайындағы қарауылдар ауласында тұтқында болатын. «Қазір саған ағаң Шаллумның ұлы Ханамил келіп, мынадай өтініш жасамақ: Сіз менің қамқоршы бола алатын ең жақын туысқанымсыз. Сондықтан менің Анатоттағы егістігімді сатып алып, әулетіміздің одан айырылып қалуын болдыра көрмеңіз». Алайда Сен, уа, Жаратушы Тәңір Ие, маған: «Күміске егістік танабын сатып ал, соны растауға куәгерлер шақыр!» дедің. Ал қала болса, міне, халдейлердің қолына көшіп жатыр!
Выбор основного перевода