Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие істей алмайтын тым қиын іс бар ма? Мен белгілі кезде: келесі жылы осы уақытта саған тағы да келемін. Сол кезде Сараның ұлы болады! — деп уәдесін бекітті. Содан Езекия Жаратқан Иеге дұға етіп былай деді: «Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие! Керуб мүсіндерінің үстіндегі «тағыңда» отырған Сен жер бетіндегі күллі патшалықтардың үстінен қарайтын жалғыз Құдайсың, көк пен жерді жаратқан да Сенсің! «Уа, Исраилдің Құдайы, Әлемнің Иесі! Керуб мүсіндерінің үстіндегі «тағыңда» отырған Сен жер бетіндегі күллі патшалықтардың үстінен қарайтын жалғыз Құдайсың! Көк пен жерді жаратқан да Сенсің! Аспанға көз жіберіп қараңдаршы:Кім жаратты ондағы жұлдыздарды?!Бір-бірлеп алып шығып шоқжұлдыздарды,Ол әрқайсысын өз атымен шақырады.Жаратқанның құдіреті сонша зор болып,Біреуі шет қалмай, бәрі Оған бағынады. Жақыптың әулеті, неге шағым айтасың,Исраил халқы, неге былай деп налисың:«Жүрген жолым Жаратқаннан жасырынған,Мүддем Құдайымның назарынан тыс қалған!» Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің:Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең,Шексіз зор даналығы Өзінің,Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін!Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды, Сонда мен:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Мен әлі тым жаспын, жұрт алдында сөйлей алмаймын ғой, — дедім. Сонда мен: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие, «Сендерге амандық пен тыныштық болады» деп халық пен Иерусалимді алдаған екенсің! Ал шынында семсер тамағымызға таяп, орып жіберейін деп-ақ тұр!» — деп мұңымды шақтым. Мен ғаламат құдіретіммен және алға созған қолыммен әлемді әрі жер бетіндегі адамдар мен хайуандарды қоса жараттым. Оларды қалаған адамыма тапсырамын. — Мен, Жаратқан Ие, күллі адамзат атаулының Құдайымын. Қолымнан келмейтін іс бар ма?
Выбор основного перевода