Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі олар ағаш мүсінге: «Сен әкемсің!», тас бағанаға: «Мені туған сенсің!» деп табынады. Осылайша олар беттерін Менен теріс бұрып, сырт айналып кетті. Ал бастарына пәле түсе қалса: «Келіп, бізді құтқара гөр!» деп Маған жалынады. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Теріс жолдарыңнан қайтып, іс-әрекеттеріңді түзетіңдер! Сонда Мен сендерге осы елде әрі қарай тұра берулеріңе жағдай жасаймын. Шығыстан соққан дауыл сияқты, Мен оларды жауларының алдында шашыратып жіберемін. Бастарына күн туғанда Мен олардан сырт айналып, бет-жүзімді көрсетпеймін». Мен сендерге өз қызметшілерім — пайғамбарларды қайта-қайта жіберіп отырдым. Олар сендерге: Әрбіреуің теріс жолдарыңнан қайтыңдар, бөтен тәңірлердің жолын қумаңдар! Сонда сендер Жаратқан Иенің өздеріңе және ата-бабаларыңа табыстаған елінде тұра бересіңдер, деп ескертіп жүрді. Бірақ сендер Маған құлақ асып, тілімді алған жоқсыңдар. Мұнан кейін Ол мені Өзіне бағышталған киелі үйдің ішкі ауласына алып барды. Қарасам, үйге кіретін жерде, бағаналы кіреберіс пен құрбандық үстелінің арасында, жиырма бес ер адамды көрдім. Олар арқаларын Жаратқан Иенің киелі үйіне беріп, бет-жүздерін шығысқа қарай бұрып, сондағы күнге иіле табынып жатыр екен!
Выбор основного перевода