Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін Жаратқан Ие оған:— Қолыңды қойныңа тық! — деп бұйырды. Мұса солай істеді де. Қолын суырып алғанда, қолы алапестен қар іспетті ағарып кетіпті. Жаратқан Ие:— Қолыңды қайтадан тық! — деді. Мұса солай істеп, қолын қайта суырып алғанда, ол басқа дене мүшелері сияқты бұрынғы сап-сау қалпына келіпті. Алайда саған (істейтінім арқылы) құдіретімді көрсетіп, бүкіл жер жүзіне атымды шығару үшін ғана сені патша етіп қойдым. Менменсіп ата-бабаларымызға жәбір көрсеткендері үшін Сен перғауынға, оның қызметкерлері және елінің бүкіл халқына қарсы кереметтер мен ғажап істер жасадың. Соған бола күні бүгінге дейін Сенің даңқың жер бетіне жайылып келеді. Перғауын мен құлдарына қарсы ТәңірҒажаптар көрсетті өз араңда, уа, Мысыр. Уа, Құдай Иеміз, Сен ежелде халқыңды құдіретті қолыңмен Мысырдан құтқарып алып шықтың. Соған бола Сенің даңқың күні бүгінге дейін жер бетіне жайылып келеді. Алайда біз күнә жасап, жамандыққа салынып келеміз.
Выбор основного перевода