Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Құдайларың Жаратқан Ие өз есімін орнату үшін қандай жерді таңдап алса, сол жерге мен сендерге тапсырып отырған нәрселердің бәрін әкеліңдер: өртелетін сый-тартуларыңды, шалынып өртелетін құрбандықтарыңды, өнімдеріңнің он бөлігінің бірін, арнайы тартуларыңды және өздерің Жаратқан Иеге ант етіп бағыштаған бағалы заттарыңды алып келіңдер! Жаратқан Ие Өзінің киелі үйі туралы «Мен Иерусалимде өз есімімді орнатамын» деген болса да, Манаса Жаратқан Иенің сол киелі үйінде жалған тәңірлерге арнап құрбандық үстелдерін тұрғызды, Жаратқан Ие Өзінің киелі үйі туралы: «Иерусалимде Менің есімім әрдайым орнықсын!» деген болса да, Манаса Жаратқан Иенің сол киелі үйінде жалған тәңірлерге арнап құрбандық үстелдерін тұрғызды, әрі оның екі ауласында күллі аспан денелеріне бағышталған құрбандық үстелдерін орнатты. — Яһуда халқы Маған жек көрінішті іс-әрекеттер істеп келеді, — дейді Жаратқан Ие. — Олар Менің есіміммен аталған киелі үйде өздерінің жалған тәңірлерінің мүсіндерін орнатып алып, оны арамдады, әрі Бен-Хенном аңғарында Топет деген табыну орындарын салып, сол жерлерде ұлдары мен қыздарын жалған тәңірге арнап өртеп құрбан етті. Мұндайды Мен оларға бұйырған емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ. Жаратқан Ие маған тіл қатып: «Ей, пендем, солтүстік жаққа қарашы!» — деп бұйырды. Мен сол жаққа қарап, құрбандық үстелінің жанындағы қақпаның солтүстік жағынан Жаратқан Иенің қаһарын туғызатын жалған тәңірдің мүсінін көрдім. Содан кейін Ол маған тағы былай деп тапсырды: «Пендем, олардың не істеп жүргендерін көріп тұрсың ба? Исраил халқының осында істегендері әбден жексұрын! Олар Менің киелі үйімді Маған енді ғибадат етуге болмайтын орын қылып арамдауда! Соларының кесірінен Мен киелі үйімнен бас тартып, оны тастап кетпекпін! Бірақ сен бұдан да бетер жексұрын істерді көресің!»
Выбор основного перевода