Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
О, күнәкар ұлт, мойнында ауыр кінәсі бар халық, зұлымдардың тұқымы, азғындыққа салынған ұрпақ! Мен Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы болсам да, олар Мені менсінбей, бас тартып, сырт айналып кетті! Неліктен сендер тағы да соққы жей бермексіңдер? Неге Маған қарсы тұрып, опасыздық жасауды қоймайсыңдар? Содан халықтың басы түгелдей жара, жүрегі әлсіз. Табанынан тас төбесіне дейін сау жері жоқ. Тұла бойы толған жарақаттар, қамшының іздері, жараларының ауыздары ашық. Ешкім оларды жуып, май жағып сылап, таңған емес. Ұры қолға түскенде масқара болатынындай, бүкіл Исраил елі: халық пен оның патшалары, әміршілері, діни қызметкерлері мен пайғамбарлары да масқара болады. О, Тәңір Ием, Өзіңе қарсы күнә жасағанымызға бола барлығымыз да, патшаларымыз, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызды қоса, түгелдей қара бет болдық.
Выбор основного перевода