Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Сен өз ата-бабаларынЕжелде Мадиянның зорлығынанШексіз құдіретіңмен құтқарғансың!Енді тағы да меншікті халқыңныңЕңсесін басқан езгіні құртасың,Арқасын ұрып-соққан жау сойылын,Қатал қанаушының асатаяғынБіржола сындырып, жойып тастайсың! Сонда Жаратқан Ие маған мынаны айтты:— Өзіңе қайыс пен сырықтан мойынтұрық жасап, мойныңа киіп ал. Даладағы ағаштар өз жемісін, жер өз өнімін бермек. Сөйтіп халық елде аман-есен тұратын болады. Мен халқымның мойнына салынған мойынтұрықты сындырып, өздерін құл қылғандардың үстемдігінен құтқарамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. Мен енді Ассурдың салған мойынтұрығын иығыңнан алып тастап, кісендеріңді үзіп босатамын».
Выбор основного перевода