Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сен неге менен жүзіңді бұрып әкетесің, уа, Тәңірім? Мені неге жауың деп есептейсің? Маған тым қатал болып кеттің, мені құдіретті қолыңмен қудалап отырсың. Ал өз халқы Құдайға қарсы көтерілді,Киелі Рухын қатты ренжіте берді.Сондықтан Тәңір оның жауына айналды,Халқына қарсы Өзі күреске шықты. Өз зұлымдығың саған жаза тартқызады, өз опасыз қылықтарың сені айыптайтын болады.Содан ойланып, мынаны біліп ал: Менен, өзіңнің Құдайың Жаратқан Иеден, бас тартып, Мені еш қастерлемеуіңнің арты қандай жаман да күйінішті болатынына көзіңді жеткіз!» — Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие осыны нық айтады. Енді орманнан шыға келген арыстан оларға бас салып, құла түзде жүрген қасқыр оларды жалмайды. Қалаларының маңында қабылан торуылдап, сыртқа шыққан кез келген адамды жарып тастауға дайын. Себебі олар әбден бас көтеріп, сансыз рет Жаратқан Иеге опасыздық жасап келеді. Солтүстік Исраил мен Яһуданың халқы жас кездерінен-ақ Маған жек көрінішті істер ғана істеп келеді. Солтүстік Исраилдің халқы сол зұлым іс-әрекеттерімен Менің ашуымды қоздырумен болды, — дейді Жаратқан Ие. — Мына қала салынған күнінен бастап қазірге дейін Менің ашу-ызамды туғызып келеді. Сол себепті ол Менің көз алдымнан аластатылуға тиіс. Солтүстік Исраил мен Яһуданың халқы: олардың патшалары мен әміршілері, діни қызметкерлері мен пайғамбарлары, Яһуда мен Иерусалимнің бүкіл тұрғындары да, өздерінің істеген барлық зұлымдықтарымен Менің қаһарымды қоздырды. Олар Маған жүздерімен емес, арқаларымен бұрылды. Мен соларға қайта-қайта тәлім берсем де, олар оныма құлақ түрген де жоқ, түзетуімді қабылдаған да жоқ. Яһудалықтар тіпті өздерінің жиренішті тәңір мүсіндерін Менің есіміммен аталған киелі үйіме орнатып қойып, оны арамдады. Сонымен қатар олар Бен-Хенном аңғарында Бағалға арнап табыну орындарын салып, сол жерде өз ұлдары мен қыздарын жалған тәңір Молохқа арнап өртеп құрбан етті. Мұндайды Мен халқыма ешқашан бұйырған емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ. Олардың сондай жиренішті нәрсені істеп, Яһуда елін күнәға батырғаны-ай! Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына. Шақырып ем көмекке көңілдестерімді,Алайда олар сатып кетті өзімді.Діни қызметкерлерім мен ақсақалдарымҚаза тапты аралап ИерусалимҚаласын азық іздеп жүріп өлмес үшін. Жаратқан мергендей тартты садағын,Оң қолымен қыруға тұрды дайын.Ол қас жауы сияқты халқымыздыңҚұртып жіберді қымбат жастарын.Жаратқан Қыз Сионның шатырыныңҮстіне оттай төге берді қаһарын. Жаратқан Ие қарсыласқа айналды,Түгел жұтып жібергендей Исраилді.Бар сарайының күл-талқанын шығарды,Бекіністерін жермен-жексен қылды.Қыз Яһудаға қайғылы жоқтау айттырды.
Выбор основного перевода