Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан азалы киім киіп, еңіреп жыла! Өйткені Жаратқан Иенің лаулаған қаһары бізден бетін аударып әкеткен жоқ. Қара да тұр, Жаратқан Иенің қаһары дауылдай буырқанып, құйын сияқты зұлымдардың басына шүйілейін деп жатыр! Жаратқан Ие жүрегіндегі ой-ниеттерін толығымен орындап болмайынша, Өзінің қаһарынан қайтпайды. Алдағы уақытта сендер мұны анық түсінесіңдер. Әлемнің Иесі тағы мынаны да айтады:— Қараңдаршы! Апат бір халықтан екінші халыққа тарап, жердің бар түкпірлерінен алапат дауыл тұрып келе жатыр.
Выбор основного перевода