Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Орныңнан тұрып, Сионға рақым етші,Енді уақыт болды, мейірім көрсетші,Соған белгілеген мезгілің жетті. Мен сені қайтадан қалпыңа келтіремін, уа, бойжеткен іспетті Исраил халқы! Сендер бұрынғыдай даңғыраларыңды қолдарыңа алып, шаттана қуанып би билейтін боласыңдар, Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны да айтады: — Мен халықты жер аударылып кеткен жағынан қайтарып алып келгенде, Яһуда елі мен оның қалаларында: «Жаратқан Ие сені жарылқасын, уа, әділдіктің мекені, киелі тау!» деген баталы сөз айтылатын болады. Болашақта осы қала Менің даңқым үшін Хананел мұнарасынан Бұрыш қақпасына дейін қайтадан салынады. Құрылысшының өлшеуіш жібі сол жерден Гәреб қыратына дейін тартылып, одан әрі Ғояға қарай бұрылады. Бұрын өлгендер қойылатын, күл төгілетін бүкіл аңғар, Қидрон сайына қарай жатқан егістіктер, әрі шығыстағы Жылқы қақпасына дейінгі жер де бұдан былай Жаратқан Иеге бағышталған киелі болады. Қала енді қайтып жау қолына түсіп, құлатылып қиратылмайды да, халқы ешқашан түп-тамырымен жұлынып тасталмайды да. «Сол күні Мен Дәуіттің құлап қалған үйін қайтадан тұрғызамын; оның жарылған жерлерін жөндеп, қираған қабырғаларын қаластырып, оны бұрынғы замандағыдай қалпына келтіремін.
Выбор основного перевода