Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің азат еткен халқыСионға ән шырқап қайтып келеді,Олар ұдайы мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа кенеледі,Қайғы-қасірет, күрсіну атаулыБастарынан бірден алыстап кетеді! Мен сені қайтадан қалпыңа келтіремін, уа, бойжеткен іспетті Исраил халқы! Сендер бұрынғыдай даңғыраларыңды қолдарыңа алып, шаттана қуанып би билейтін боласыңдар, Сонда Исраил келіп, Сион тауында қуаныштан айқай салады. Олар Жаратқан Иенің берген игіліктеріне: астық, жүзім шырыны және зәйтүн майына, ірілі-ұсақты малдарының төлдеріне мәз-мейрам болады. Халқым мол суғарылатын бақ сияқты гүлденіп, енді қайтып қасіреттен түңілмейді. Сонда бойжеткендер көңілденіп жас-кәрілермен бірге би билейді. Мен қайғыларын шаттыққа айналдырып, қасірет орнына жұбаныш пен қуаныш сыйлаймын. Діни қызметкерлерді дәмді тамақпен молынан қамтамасыз етемін, халқым да игіліктеріме кенеледі, — деп уәде етеді Жаратқан Ие. Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер осы жер туралы: «Мынау — адамы мен малынан айырылып қаңырап бос қалған құла түз!» дейсіңдер. Алайда адам да, мал да тұрмайтын Яһуданың қалаларында әрі Иерусалимнің қаңырап бос қалған көшелерінде әлі де қуаныш пен шаттықтың үні, күйеу жігіт пен қалыңдықтың көңілді дауыстары естілмек! «Әлемнің Иесін мадақтаңдар, өйткені Жаратқан Ие ізгі, Оның берік мейірімі мәңгілік!» деп, киелі үйге Өзіммен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін тартуларын алып келе жатқан адамдардың мақтау айтқан дауыстары тағы да естілетін болады. Себебі Мен жер аударылып кеткен халықты қайтадан әкеліп, оның жағдайын бұрынғыдай игілікке кенелтемін! — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Мен өздеріңдегі адамдарды, бүкіл Исраил халқын, көбейтемін. Қалаларға тұрғындар қоныстанып, қаңыраған жерлерге қайтадан үйлер салынбақ.
Выбор основного перевода