Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!Құдай өз халқын тұтқыннан азат еткендеЖақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады! Басқа халықтарға арнап туын көтергендей белгі беріп, Солтүстік Исраил мен Яһуда патшалықтарының жер аударылып, шашыраған халқын дүниенің төрт бұрышынан жинап, қайтарып әкелмек. Солтүстік Исраил елі енді қайтып Яһуданы күндемейді, Яһудаға қарсы жауласып келгендердің бәрі де ғайып болады. Бұдан былай Яһуда Солтүстік Исраилге қастық жасамайды. «Исраил халқын солтүстіктегі елден және Өзі аластатып жіберген басқа да барлық жерлерден алып келген мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын» деп ант беретін уақыт туатын болады! Өйткені Мен исраилдіктерді ата-бабаларына Өзім табыстаған елге қайта әкелетін боламын. Бірақ жетпіс жыл өткен соң, Мен Бабыл патшасын да, оның халқын да ауыр кінәлары үшін жазалап, халдейлердің елін мәңгілікке қаңыраған қу далаға айналдырамын. Себебі Жаратқан Ие былай деп уәде береді: — Сендер Бабылда жетпіс жыл болғаннан кейін Мен сендерді қамқорлауға келіп, өздеріңді осы жерге қайтып әкелемін деген ізгі уәдемді орындаймын. Сонда Мен сендерге Өзімді тапқызамын! — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Иә, Мен сендерді тұтқыннан кері қайтарып, жағдайларыңды бұрынғыдай игілікке кенелтемін. Өзім сендерді жер аудартқан барлық халықтар мен елдерден жинап, осы жерге қайта алып келемін. Яһуданың және Исраилдің адамдары тағы да бірігіп, өздеріне бір басшыны тағайындап алады. Олар (жер аударылған) елден қайтып келеді. Себебі (халық өз елін қайтадан қоныстанатын) «Ізрел күні» ұлы күн болады! Мен сендерді жинағанда ата мекендеріңе бастап алып келемін. Өз көз алдарыңда сендерді тағы да игілікке кенелтіп, жер бетіндегі барлық халықтардың алдында атақ-даңққа бөлеймін». — Жаратқан Ие осыны уәде етеді. егер біз сондай керемет құтқарылуды елемесек, онда жазадан қалайша құтылмақпыз? Осы құтқарылуды алғашқыда Иеміздің Өзі паш еткен еді. Оны өз құлақтарымен естіген куәгерлер кейін соған біздің де көзімізді жеткізді.
Выбор основного перевода