Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аза тұтқан кезде де өнімнің Саған бағышталған бөлігінен жеген де жоқпын, арамданып қалған кезімде оған қол тигізген де емеспін, аруақтарға еш нәрсесін бағыштаған да жоқпын. Уа, Құдай Ием, Сенің дауысыңа құлақ асып, бізге бұйырған өсиеттеріңнің бәрін орындадым. Қайтыс болған қосағыңды жоқтамай, тек қана үн-түнсіз күңіреніп қайғыр! Азалы дәстүрді ұстанбай-ақ, әдеттегідей басыңа сәлдеңді орап, аяғыңа аяқкиіміңді киіп ал. Сондай-ақ, салт бойынша сақал-мұртыңды қымтап жауып алушы болма, жоқтайтындардың арнайы тамағынан ауыз тиме!» Халық енді Жаратқан Иеге сұйық тартуларын құйып ұсынбайды, Ол солардың құрбандықтарына да риза болмайды. Себебі бұл құрбандықтары адамы қайтыс болған үйдің тамағы сияқты арам болып саналады. Сол тамақты олар тек қарындарын тойдыру үшін ғана жейді, оның ешбір бөлігі Жаратқан Иенің киелі үйіне апарылмайды.
Выбор основного перевода