Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие жерді сілкінту үшін тағынан тұрған сол кезде олар құз-шатқалдардың ішіндегі үңгірлер мен қуыстарға қашып кіріп, Оның қорқынышты қаһарынан әрі айбынды ұлылығынан тығылып қалмақ болады. Жаратушы Тәңір Ие Өзінің киелі атымен былай деп ант етті: «Сендерді ілмекпен тартатын, ал қалғандарыңды қармақпен сүйрететін күн бастарыңа туады! Осылайша адамдарды теңіздегі балық сияқты қыласың, әрі әміршісі жоқ, бауырымен жорғалаушы жәндіктер іспетті етесің! Содан Бабыл біздің бәрімізді қармағымен ұстап, ауына түсіреді, торымен жағаға тартып шығарып, соған қуанып мәз болады. Дәл сол сияқты, елде Құдайға адал ешкім қалмаған! Адамдардың арасында бірде-бір әділ адам қалған жоқ! Барлығы біреудің қанын төгуді аңдып жатады, әркім ағайынына тұзақ құрып қойған. Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін», — деді. Құдай Патшалығын көлге тасталғанда әр түрлі балықтар түсетін аумен де салыстыруға болады.
Выбор основного перевода