Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иерусалимге жылы сөз айтыңдар,Мына хабарды оған жариялаңдар:«Өтіп кетті басыңдағы ауыр кезең,Кінәңнің құны өтеліп, кешірілдің!Себебі Жаратқан Иенің қолы сағанБар күнәңнің жазасын берді молынан». Осылай халқым еліне қайтып келгенде, жалған тәңірлердің ондағы жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелерінің бәрін алып тастайтын болады. Алайда жүректері өздерінің жалған тәңірлердің жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелеріне құмартқандар болса, олардың бастарына өз істегендеріне сай жазаларын түсіремін! — Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Ол былай деді: Пендем, бұл орын — Менің «тағым» тұратын жер және «табан тіренішім». Мен осы орында исраилдіктердің арасында әрқашан боламын. Не Исраил халқының өзі, не олардың патшалары Менің киелі есімімді енді қайтып арамдамайтын болады. Олар биіктеу жерлеріндегі жалған тәңір мүсіндеріне және дүние салған патшаларының ескерткіш бағаналарына бұдан былай табынбайды. Олар тіпті сол табыну орындарының табалдырықтары мен жақтауларын Менің киелі үйімнің табалдырығы мен жақтауына жанамалатып жақын қойды. Менімен өздерінің арасын бөліп тұрған тек бір қабырға ғана қалды. Осылай Менің киелі есімімді өздерінің жексұрын күнәларымен қорлады. Сондықтан Мен қаһарланып, оларды құртып жібердім. Ал енді, олар өздерінің жалған тәңірлерінің мүсіндерін және дүние салған патшаларының бағаналарын Менің алдымнан біржола алып тастасын! Сонда Мен олардың арасында ұдайы тұрамын. «Өзгелерге көрсеткен зорлық-зомбылықтарын өзіне көрсетіңдер, жаман қылықтарына сай екі есе қылып қайтарыңдар! Оның басқаларға арнап араластырған «өз тостағанындағы шарабына» азғындықты екі есе қылып қосып өзіне дайындап беріңдер!
Выбор основного перевода