Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Соны көріп, күллі халықтар да: «Жаратқан Ие неліктен осы елге мұны істеді екен? Неден оған қаһарын соншама төкті?» — деп сұрайтын болады. Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие неліктен бұл ел мен мына киелі үйге осындай қорқынышты нәрсені істеді екен?» — деп мұрнын шүйіріп, ысқыратын болады. Сонда жұрт: «Себебі олар ата-бабаларын Мысырдан бастап алып шыққан Құдайы — Жаратқан Иені елемей тастап кетіп, бөтен тәңірлерге бет бұрды да, соларға табынып, құлшылық ететін болды. Сондықтан Жаратқан Ие олардың бастарына осы бақытсыздықтың барлығын үйіп-төкті!» деп мысалдайтын болады. «Халқың: «Бұның бәрін Құдайымыз Жаратқан Ие бізге неге істеді екен?» деп сұрайтын болса, сен оларға: «Себебі сендер Одан бас тартып, осы елдеріңде бөтен тәңірлерге беріліп табынып кеткенсіңдер. Сол себепті енді өз елдерің емес жерде бөтен халықтың құлы боласыңдар!» деп жауап бересің». Мына зұлым халық Менің айтқандарыма құлақ асудан бас тартады. Олар қасарысқан жүректерінің қалауларымен жүріп, бөгде тәңірлерге құлшылық етіп, соларға иіліп табынуда. Сондықтан олар осы белбеуге ұқсап түкке тұрғысыз болып қалады. Себебі олар Мені елемей тастап кетті, әрі бөгде тәңірлерге хош иісті заттар түтетіп, өз қолдарымен жасаған тәңір мүсіндеріне табынып, әдейі Менің ашуымды туғызды. Менің қаһарым осы елге қарсы лаулап тұр, ол енді еш сөнбейді! Мен, Жаратқан Ие, мынаны айтамын: өз күнәларыңа қоса ата-бабаларыңның күнәларының да жазасын толықтай тартқызамын! Олар тау-төбелерде жалған тәңірлерге арнап хош иісті заттар түтетіп, Мені қорлайтын. Енді Мен оларға жасаған қылықтарына қарай жазаларын толығымен тартқызамын! Ұятымызға бола біз жерде жатырмыз әрі масқараның астында қалдық. Өйткені өздеріміз де, ата-бабаларымыз да Құдай Иемізге қарсы күнә жасадық. Жастық шағымыздан күні бүгінге дейін Құдайымыздың айтқандарына құлақ аспай келеміз. Сонда: «Олар өз Құдайлары Жаратқан Иемен жасаған Келісімнен бас тартып, бөгде тәңірлерге иіліп құлшылық етіп кетті!» деп жауап беріледі. Алайда жүректері өздерінің жалған тәңірлердің жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелеріне құмартқандар болса, олардың бастарына өз істегендеріне сай жазаларын түсіремін! — Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Егер олар сенен: «Неге күрсініп ыңқылдайсың?» деп сұраса, оларға жауап беріп былай де: «Келе жатқан хабардан. Ол жеткенде баршаның жүрегі қорқыныштан әлсіреп, қолдарынан күш кетіп, рухтары қалжырайды, тізелері аққан судай дірілдейтін болады! Міне, ол келе жатыр, сол хабар міндетті түрде орындалады! — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие!» Өткен кезде сендер ұзақ уақыттарыңды Оған мойынсұнбайтындарға ұнайтынды жасап өткіздіңдер: өмірлерің жүгенсіздік, нәпсіқұмарлық, маскүнемдік, ырду-дырду ойын-сауықтар, мас жын-ойнақтармен және Құдайға жек көрінішті жалған тәңірлерге құлшылық етумен өтіп келді.
Выбор основного перевода