Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тәңір әрқашан да пенденің істеріне назар аударады. Оның басқан әрбір қадамын Ол көріп отырады. Күнәларыма енді назар аудармай,Бар қылмыстарымды өшіріп тастай гөр. Сен күнәларымызды қойдың алдыңа,Нұрыңда айқын құпияларымыз да. Адамның күллі ісі Жаратқанның көз алдында,Ол баға береді пенденің бар жолына. Тіпті сілтімен жуынып, көп сабын жұмсап тазалансаң да, күнәңнің сенде қалдырған дағы әлі де Менің көз алдымда болады, — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Жоспарларың сондай ұлы, істерің сондай керемет! Сенің көздерің адам баласының барлық істерін анық көреді. Әркімге жүрген жолдары мен істеген істерінің жемісі бойынша лайықтысын бересің. Сондықтан уақыты келместен бұрын айыптауға асықпай, Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол әзірше қараңғыға жасырылғанды әшкерелеп, жүрегіміздің ой-ниеттерін ашып көрсетеді. Сол кезде Құдай әрқайсымызға лайықты мақтауын береді. Құдайдан жасырын жатқан ешбір жан иесі жоқ, Оның көз алдында барлығы ашық та айқын көрініп тұр. Біз Құдайдың алдында есеп беруге тиіспіз.
Выбор основного перевода