Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай мені күш-қуатқа бөлейді,Мінсіз өмір жолымен жетелейді, «Әй, зұлымдар, күлесіңдер жарлының ниетіне,Бірақ қолдап-қорғайды оны Жаратқан Ие!» Мінажаттар құлағыңа жетеді,Барлық адамдар алдыңа келеді. Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады,Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады,Оларға қорғаныш боласың дауылданӘрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан.Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаныСоққылаған боран Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Сен Менің Қызметшімсің, Жақыптың шашыраған руларын қайтадан біріктіресің. Сен тек Исраил халқынан аман сақтап қалғандарымды ғана Өзіме қайтарып қоймайсың. Сені басқа ұлттар үшін де жарық Нұр болуға белгіледім! Сонда жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарға Мен дайындаған құтқарылу жолын жария етесің!» Ал Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен қолымды созып, туымды жоғары көтергендей барлық халықтарға белгі беремін. Олар ұлдарыңды кеуделеріне басып, қыздарыңды да иықтарына отырғызып, көтеріп алып келетін болады. Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!» Мені үрейлендіре көрме! Басыма күн туғанда Сені паналаймын. Сонда тәңір мүсінінің келтірер пайдасы не? Оны ойып жасаған жай пенде емес пе? Немесе құйылып жасалған, өтірікті үйрететін мүсіннің пайдасы қандай? Оны жасайтын адам баласы өзінің қолынан шыққан тәңірсымаққа сенеді, бірақ сол мүсін сөйлей алмайды, ол үнсіз мылқау. Ағаш мүсінге: «Тіріл!», мылқау тасқа: «Оян!» дейтін қасіретке қалады! Өлі мүсіндер сендерге дұрыс жолды үйрете ала ма? Алтын, күміспен қапталған болса да, оларда тіршілік жоқ. Өйткені адамдар Құдай туралы шындықты мойындамай, жалған тәңірлерге сиынып келеді. Жаратушы Иеге бас ұрып ғибадат етудің орнына жаратылған нәрселерге құлшылық етеді. Ал Жаратушы Құдай мәңгілік мадақталуға лайық! Аумин.
Выбор основного перевода