Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Ешүрун семіріп қыңырланды,Халық әбден тойынып қоң жинады,Тіпті өзін жаратқан Құдайды менсінбеді,Жартастай Құтқарушысынан безіп кетті. Жаратқан Иенің қаһары менің бойымда да лаулап тұр, оны тежеп тұра алар емеспін, — дедім.— Ендеше қаһарым көшеде ойнап жүрген балаларға, бас қосқан жас жігіттерге лақ етіп төгілсін! Әйелі мен күйеуі де, жасы ұлғайған қариясы да қаһарымды бастарынан өткізеді. Мен елдің тұрғындарын жазалауға қолымды созғанда олардың үйлері, жерлері және әйелдері бөтен жұрттың қолына көшеді! — деп ескертеді Жаратқан Ие. Тыңда, уа, жер! Зұлым істерінің кесіріне бола Мен мына халықтың басына апат түсіремін. Себебі осы халық Менің сөздеріме құлақ аспай, Таурат заңымнан бас тартты. «Ал сен мына халық үшін Маған сиынушы болма! Олардың жоғын жоқтап жалбарынушы не дұға етуші де болма! Өйткені Мен олар үшін жасаған өтінішіңе бәрібір құлақ аспаймын. Бірақ олар тыңдаған да жоқ, сөздеріме мән де берген жоқ. Керісінше, қыңырланып зұлым ой-ниеттерін іске асырып жүрді. Олар алға жүрудің орнына кері кетті.
Выбор основного перевода